You are here

Ақтөбе облысының әкімдігі

Әкімдік туралы

Аймақ Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан. Қарағанды облысынан кейінгі территориясының ауданы бойынша елімізде екінші орынды алады.

Қазақстанның алты облысымен шектесіп жатыр. Өзбекстан құрамындағы бір республикамен және Ресейдің бір облысымен шектеседі:

солтүстігінде – Ресей Федерациясының Орынбор облысымен солтүстік-шығысында —Қостанай облысыменоңтүстік-шығысында — Қарағанды және Қызылорда облыстарымен оңтүстігінде — Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен оңтүстік-батысында — Маңғыстау облысымен батысында — Атырау облысыменсолтүстік-батысында — Батыс- Қазақстан облысымен шектесіп жатыр.

Ақтөбе облысы Еуропа және Азияның арасында орналасқан. Олардың шекаралары Оралдың оңтүстік тау тарамдары – Мұғаджар таулары болып табылады.

Аумағы – 300,6 мың. ш. км. құрайды. Облыс орталығы – Ақтөбе қаласы болып табылады. Ақтөбеден Астанаға дейін ара қашықтық – 1678 км. Облыста 12 ауылдық  аудан, 8 қала, 142 ауылдық  әкімшіліктер және 410 ауылдық елді мекендер бар.

Ақтөбе облысы елдің индустриалды-дамыған өңірлерінің біріне жатады. Республиканың өнеркәсіптік өндірістегі меншікті салмағы - 7,6% (5-ші орын) құрайды.

Облыста  экономиканың жеткілікті диверсифицирленген құрылымы бар.  ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп басым (42,9%). Ол мұнай өндіруші өнеркәсіп, қара металлургия және машина жасау кәсіпорындарымен ұсынылады.

 

Ақтөбе облысы әкімдігінің web-сайты

Аудандардың дамыту бағдарламаларының мақсатты индикаторларына қол жеткізу туралы есептер

Ашық Үкімет компоненттері

Задать вопрос

Ваш вопрос будет опубликован после модерации

Отправить