You are here

Астана қаласының әкімдігі

Әкімдік туралы

Астана – Қазақстан Республикасының елордасы. Қаланың аумағы 0,7 мың шаршы километрге тең, Ақмола облысымен шектесіп жатыр. Әкімшілік – аймақтық бөліну бойынша қала үш ауданға бөлінеді: Алматы ауданы, Сарыарқа ауданы және Есіл ауданы. Қала экономикасының негізін келесі құрайды: сауда, көлік және байланыс, құрылыс. Қазақстан экономикасының сауда секторының жалпы өніміне үлесі бойынша Астана республикалық маңыздағы облыстар мен қалалар арасында Алматы қаласынан кейін екінші орынды алады. Алматы мен Астана қалаларының өңірлік жиынтық өнім Қазақстанның сауда саласының бүкіл көлемінің жартысынан астамын құрайды. Елдегі бөлшекті тауар айналымының көлемі бойынша Астана екінші орында тұр. Астана құрылыс қарқыны бойынша көшбасшы болып табылады. 2009 жылы Қазақстанда пайдалануға берген тұрғын үй жылжымайтын мүліктің бестен бір бөлігі Астанаға келді. Бес жылдан астам қалада тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға беру көлемі бойынша көшбасшы болып табылады. Қала экономикасының құрылымында үлкен меншікті салмағын қызметтер секторы (республика бойынша көрсетілген қызметтер көлемінде – 11,4% (Алматы қаласынан кейін 2-ші орын), құрылыс және құрылыс материалдарының өнеркәсібі алады.

Ашық Үкімет компоненттері

Задать вопрос

Ваш вопрос будет опубликован после модерации

Отправить