You are here

Ақмола облысының әкімдігі

Ақмола облысы

Облыс Солтүстік Қазақстанда орналасқан. Облыстың ортасында облысқа әкімшілік түрде жатпайтын Қазақстанның астанасы – Астана қаласы орналасқан. 1999 жылдан бастап әкімшілік орталығы Көкшетау қаласы (Кокчетав) болып табылады.

Батысында – Қостанай, солтүстігінде — Солтүстік Қазақстан, шығысында — Павлодар және оңтүстігінде — Қарағанды облыстарымен шекаралас.

Облыс ұзақ мерзімді экономикалық байланыстары орныққан Орал, Түмен, Томск, Омск және Новосибирск облыстары сияқты Ресейдің дамыған өңірлеріне жақын орналасқан. Қазіргі кезде жаңа экономикалық байланыстар орнатылуда. Қазақстанның шекаралас өңірлерімен экономикалық байланысы әрі қарай дамуда. Облыс шығарылатын өнімді өткізу нарығын кеңейту тенденциясын сақтайды. Ақмола облысы аграрлық-өнеркәсіптік өңір болып табылады. Аумағы – 146,2 мың. шаршы. км. құрайды. Облыста 17 аудан және 10 қала, 5 кенттік округ, 236 селолық және ауылдық округтер бар.

Облысты мамандандырудың негізгі  саласы ауыл шаруашылық өнімін өндіру және қайта өңдеу болып табылады. Ауыл шаруашылық өнімінің  жалпы республикалық көлеміне қатысты облыстың үлесі – 13% (4-ші орын), ауыл тұрғындарының жоғары пайызы – 54,8% құрайды. Облыстың ауыл шаруашылығының салалық құрылымында өсімдік шаруашылығы басым – 76%, соның ішінде астық өндіру – 56,8% құрайды.

Облыстың ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп 13,2% құрайды және уранды, құрамында алтын бар кен өндіру, машина жасау, химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп, құрылыс материалдарын шығару түрінде орын алады.

Жердің жоғары табиғи құнарлылығы бар ауыл шаруашылығы алқаптарының болуы облыстың астық мамандануын айқындайды. Ол республикалық астық өнімі көлемінің 1/5 бөлігінің астамын, оның ішінде жоғары сапалы бидайдың 1/4  бөлігін өндіріп шығарады.

 

Ақмола облысы әкімдігінің web-сайты

Аудандардың дамыту бағдарламаларының мақсатты индикаторларына қол жеткізу туралы есептер

Ашық Үкімет компоненттері

Задать вопрос

Ваш вопрос будет опубликован после модерации

Отправить