You are here

Атырау облысының әкімдігі

Әкімдік туралы

Өңірдің әкімшілік орталығы – Атырау қаласы. Атырау облысы Батыс-Қазақстан облысымен, Маңғыстау облысымен, Ақтөбе облысымен және Ресей Федерациясының Астрахан облыстарымен шектеседі. 1938 жылғы 15 қаңтарда құрылған.

Облыс Каспий маңы ойпатында, Каспий теңізінен солтүстік және шығысына қарай, солтүстік-батысында Волганың сағалары және оңтүстік-шығысында Үстірт қорығының арасында орналасқан. Облысқа іргелес келетін бөліктегі Каспий теңізінің тереңдігі кемінде 50 м. болады. Жағалық сызығы аз жырымдалған, құмды жағалары және жаға маңындағы аралдар кездеседі.

Батысында Ресейдің Астрахан облысымен, солтүстігінде және солтүстік-шығысында Батыс-Қазақстан облысымен, шығысында Ақтөбе облысымен, оңтүстігінде Маңғыстау облысымен және Каспий теңізімен шектеседі.

Аумағы – 118,6 мың. ш. км. құрайды. Атыраудан Астанаға дейінгі ара қашықтық– 1810 км. Облыста 7 аудан, 2 қала, 2 кент, 173 ауылдық елді мекендер бар.

Облыс өндірістік өнеркәсіп үлесі бойынша алдыңғы қатарда: республика көлемінде облыс бірінші орында тұр (23,6%). Облыстың ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп – 56,2% құрайды, оның 92,3% тау-кен өндірісі. Қазіргі уақыттағы облыстың әлеуеті  - мұнай мен газ өндіру өнеркәсібі.

Сонымен қатар, өңір мұнайды қайта өңдеумен, балық өнеркәсібімен және құрылыс материалдарын шығарумен айналысады.

Өңірдің ерекшелігі оныңжоғары экономикалық өсуі тек бір салада (мұнай мен газды өндіру) шоғырланғаны және тұйықталғаны болып табылады. Бұл ретте, осы салада өңір тұрғындарының жұмыспен қамтылғандардың жалпы 5,4% жұмыс атқаруда.

 

Атырау облысы әкімдігінің web-сайты

Аудандардың дамыту бағдарламаларының мақсатты индикаторларына қол жеткізу туралы есептер

Ашық Үкімет компоненттері

Задать вопрос

Ваш вопрос будет опубликован после модерации

Отправить