You are here

Қарағанды облысының әкімдігі

Әкімдік туралы

Облыс Қазақстан Республикасының орталығында, Еуразия континентінің қақ ортасында орналасқан, Солтүстік Мұзды және Үнді, Атлантикалық және Тынық мұхаттарынан тең болып қашықтатылған. Қазіргі уақытта Қарағанды облысы аумағы және минералды шикізатқа бай өнеркәсіп қуаты жағынан ең ірі облыс болып табылады. Облыста Қазақстанның барлық тұрғындарының жүзден он бөлігі тұрады. Солтүстігінде Ақмола облысымен, солтүстік-шығысында Павлодар обласымен, шығысында Шығыс-Қазақстан облысымен, оңтүстік-шығысында Алматы облысымен, оңтүстігінде Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан және Қызылорда облыстарымен, батысында Ақтөбе облысымен және солтүстік-шығысында Қостанай облысымен шектеседі. Облыс республиканың орталық бөлігінде орналасқан. Облыстың аумағы 428 мың. ш. км. құрайды. Әкімшілік орталығы – Қарағанды қаласы. Қарағандыдан  Астанаға дейін ара қашықтық – 196 км. Облыста 9 селолық аудан және 11 қала, 10 кент, 192 селолық әкімшіліктердің құрамындағы 421 ауылдық елді мекендер бар. Облыс дәстүрлі түрде елдің маңызды индустриалды округі болып табылады. Республиканың өнеркәсіп өндірістегі облыстың үлесі жоғары және  8,9% (Атырау және Маңғыстау облыстарынан кейін 3-ші орын) құрайды. Облыстық өнеркәсіп құрылымындағы өңдеу өнеркәсібі басымды болады (81%). Облыс өнеркәсібінің жетекші салалары тау-металлургиялық кешен (соның ішінде қара және түсті кендерін, бағалы және сирек кездесетін металдарды өндіру, сонымен қатар, қара және түсті металлургия және металды өндіру), көмір өнеркәсібі, машина жасау, химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп, құрылыс материалдарды шығару болып табылады.

 

 Қарағанды облысы әкімдігінің web-сайты

Аудандардың дамыту бағдарламаларының мақсатты индикаторларына қол жеткізу туралы есептер

Ашық Үкімет компоненттері

Задать вопрос

Ваш вопрос будет опубликован после модерации

Отправить