You are here

Қызылорда облысының әкімдігі

Әкімдік туралы

Облыс Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. 1938 жылғы 15 қаңтарда құрылған. Әкімшілік орталығы – Қызылорда қаласы. Облыс 1938 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында құрылған. 1997 жылғы 17 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен облыс атауының орыс тіліндегі транскрипциясы «Кзыл-Ординская» – «Кызылординская» болып өзгертілген.  1967 жылғы 21 тамызда Қызылорда облысы Ленин орденімен марапатталған. Облыстың аумағы 226 мың. ш. км. құрайды. Қызылордадан Астанаға дейін ара қашықтық  - 1930 км. Облыста 7 селолық аудан және 3 қала, 2 кент, 143 ауылдық округтер және 2 кенттік окугтер, 263 ауылдық елді мекендер бар. Облыс елдің индустриалды өңірлерінің қатарына кіреді, экономика құрылымындағы өнеркәсіп 50% құрайды. Бұл ретте, өндіріс құрылымында елеулі үйлеспеушілік байқалып жатыр: тау-кен өнеркәсібін өңдеу өнеркәсіпке қарағанда басым:  тиісінше 93,3%  және 4,9%. Облыс қайнатпа тұзының, кварц құмының, балық бұйымдарының ірі және күріштің жалғыз өндірушісі және жеткізушісі болып табылады. Республика бойынша өдірістің жалпы көлемдегі облыстың үлесі 90%  күріш өндірісі, қайнатпа тұзы 70%  құрайды.

 

Қызылорда облысы әкімдігінің web-сайты

Ашық Үкімет компоненттері

Задать вопрос

Ваш вопрос будет опубликован после модерации

Отправить