You are here

Маңғыстау облысының әкімдігі

Әкімдік туралы

Облыс Қазақстан Республикасының қиыр оңтүстік-батысында орналасқан, бұрын Маңғышлақ деп аталған. Облыс 1973 жылы 20 наурызда Гурьев облысының оңтүстік бөлігінен құрылған. 1988 жылы таратылып 1990 жылы «Маңғыстау» деген атпен қайта облыс болып құрылды. Әкімшілік орталығы – Ақтау қаласы. Маңғыстау облысы Каспий теңізінен шығысқа қарай Маңғышлақ (Маңғыстау) үстіртінде орналасқан. Солтүстік-шығысында Атырау және Ақтөбе облыстарымен, оңтүстігінде Түрікменстанмен және шығысында Өзбекстанмен шектесіп жатыр. Маңғыстау облысы өнеркәсіпті өңір болып табылады, мұнда Қазақстанның 25 %, шамамен 20 млн. тонна мұнай өндіріледі. Ақтау-Жетібай-Өзен атты мұнай құбыры өтеді. Батысында Каспий теңізімен ұласады, жағалаудың батысында Комсомолец, Маңғышлақ, Қазақ, Кендерлі сияқты терең  шығанақтары бар.  Каспий теңізінде Түлен (Итбалық) аралдары бар. Кең таралған сортаңдары бар солтүстік бөлігі Каспий маңындағы ойпатында орналасқан, солтүстік бөлігін Маңғыстау таулары (Бесшоқы қаласы, 556 м), Үстірт, Маңғышлақ және Кендерлі-Қаясан (оңтүстікте) шоқылары алып жатыр. Бірнеше ойпаттары теңіз деңгейінде орналасқан, соның ішінде Қазақстанның ең төменгі нүктесі  Маңғышлақ түбегіндегі Қарағия ойпаты – 132 м. Облыстың аумағы 165,6 мың. ш. км. Облыс орталығы –Ақтау қаласында орналасқан. Ақтаудан Астанаға дейін ара қашықтық – 2413 км. Облыста 5 ауылдық аудан және 3 қала, 44 ауылдық және ауылдық округтер бар. Облыс индустриалды-дамыған өңірлер қатарына жатады, республиканың өнеркәсіптік өндірістегі облыстың үлесі жоғары және 14,4% (Атырау облысынан кейін 2-ші орын) құрайды. Облыс экономикасының құрылымында көмірсутекті шикізатты өндірумен ұсынылған тау-кен өнеркәсібі басым (91,9%). Өңдеу өнеркәсібі метталлургиямен және металдан жасалған дайын бұйымдармен, машина жасаумен және химиялық өнеркәсіппен сипатталады.

 

Маңғыстау облысы әкімдігінің web-сайты

Ашық Үкімет компоненттері

Задать вопрос

Ваш вопрос будет опубликован после модерации

Отправить