You are here

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Әкімдік туралы

Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлігі. Ресей және Қытаймен шекаралас.

Ресей Федерациясының екі өңірімен, Қытай Халық Республикасының бір облысымен және Қазақстанның үш облысымен шектесіп жатыр:

солтүстігінде — Алтай өлкесімен және Алтай Республикасымен, шығысында — Қытайдың Синьцзян-ұйғыр автономдық ауданымен, оңтүстігінде — Алматы облысымен, батысында —Қарағанды облысымен, солтүстік-батысында — Павлодар облысымен.

Облыстың аумағы 2012 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша  283,33 мың. ш. км.тең. Облыс орталығы – Өскемен қаласында орналасқан.  Өскеменнен Астанаға дейінгі ара қашықтық – 1038 км. Облыста 15 аудан, 10 қала, 3 кент, 786 ауылдық елді мекендері бар.

Облыс елдің дамыған индустриалды-аграрлық өңірі болып табылады, дегенмен, өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі біршама үлкен емес (5,4%, 8-ші орын). Республиканың өндіру өнеркәсібіндегі облыстың үлесі жоғары – 11,8%. Басымды саласы – түсті металлургиядан басқа, машина жасау өнеркәсібі, энергетика, химиялық және ағаш өндіру, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, сонымен қатар құрылыс материалдарын шығару кәсіпорындары болып табылады.

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің web-сайты

Аудандардың дамыту бағдарламаларының мақсатты индикаторларына қол жеткізу туралы есептер

Ашық Үкімет компоненттері

Задать вопрос

Ваш вопрос будет опубликован после модерации

Отправить