You are here

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Әкімдік туралы

Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Аумағы – 151,3 мың. ш. км., ол Қазақстан ауданының 5,6 % құрайды. Осы көрсеткіш бойынша облыс елімізде 8-ші орынды алады. Халқының саны – 614 280 адам. Қалада – 299 500 (48,8 %) адам, ауылды жерлерде — 314 800 (51,2 %) адам тұрады. 1932 жылғы 10 наурызда ҚазКСР Батыс-Қазақстан облысы ретінде құрылды. Тарихи тұрғыдан оған Ресей империясының Орал облысы сәйкес келеді. 1962 жылғы 3 мамырдан бастап 1992 жылғы шілдеге дейін Орал облысы деп аталды, кейін Қазақстанның парламенті «Батыс-Қазақстан облысы» атауын қайтарды.

Қазақстанның екі облысымен және Ресейдің бес облысымен шектеседі:

солтүстігінде — Ресей Федерациясының  Орынбор облысымен шығысында — Қазақстан Республикасының  Ақтөбе облысымен оңтүстігінде — Қазақстан Республикасының  Атырау облысымен және Ресей Федерациясының Астрахан облысымен батысында — Ресей Федерациясының Волгоград және Саратов облыстарымен солтүстік-батысында — Ресей Федерациясының Самара облысымен. Оралдан Астанаға дейін ара қашықтық – 1747 км. құрайды. Облыста 12 аудан және 2 қала, 4 ауыл, 155 селолық және ауылдық округтер бар.Облыс индустриалды өңір болып табылады. Республиканың өнеркәсіп өндірісіндегі облыстың меншікті салмағы 9,0% (Атырау және Маңғыстау облыстарынан кейін 3-ші орынды алады) құрайды. Өңірдің мамандандыруын  тау-кен өнеркәсібі (табиғи газды және газ конденсатын өндіру) сипаттайды. Ол өнеркәсіп құрылымында 89% құрайды. Өңдеу өнеркәсібі – машина жасау және тамақ саласымен көрсетіледі.

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің web-сайты

Аудандардың дамыту бағдарламаларының мақсатты индикаторларына қол жеткізу туралы есептер

Ашық Үкімет компоненттері

Задать вопрос

Ваш вопрос будет опубликован после модерации

Отправить