Әкімдік туралы

Қызылорда облысы Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Солтүстігінде Қарағанды, солтүстік-батысында Ақтөбе облыстарымен, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен, шығысында Оңтүстік Қазақстан облысымен шектеседі.  

Облыс 1938 жылдың 15 қаңтар күні құрылған. Әкімшілік орталығы - Қызылорда қаласы.

«Қызылорда облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Аппарат) Қызылорда облысының әкімдігі мен әкімінің қызметіне ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.