You are here

Портал туралы

«Электрондық үкімет» веб-порталы «Ашық үкімет» модулінің «Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау» құрауышы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) 17-бабының

5-тармағына сәйкес құрылады:

«Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында осы Заңның 8-бабының 1)-тармақшасында көрсетілген ақпарат иелері өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, стратегиялық жоспарлардың және аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсатты индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметін жария талқылауды қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпарат орналастыру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»

Құрауыштың мақсаты:

●    Заңды және «Мемлекет басшысының бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі  100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 94, 96-шы қадамдарын орындау;

●    азаматтарға мемлекеттік органдар қызметі  тиімділігінің бағалауын жүргізу  нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну;

●    азаматтардың бағалау жүйесін өткізу туралы түсінігін жақсарту.

Ашық Үкімет компоненттері

Задать вопрос

Ваш вопрос будет опубликован после модерации

Отправить