ҚР Білім және ғылым министрлігі

Министрлік туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі - білім, ғылым және балалардың құқықтарын қорғау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мынадай ведомстволары бар:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті;

3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті;

4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті;

5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті.