Агенттік туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығымен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік органы – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) жұмыс істейді.
Агенттік қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қаржы нарығын дамытуға жәрдемдесетін, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Агенттік берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес ҚРҰБ құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры ретінде айқындалды.