Әкімдік туралы

Шымкент - Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан, ол Қазақстандағы ірі өнеркәсіптік, сауда және мәдени орталықтарының бірі саналады, халық саны жағынан ел агломерациясын құрайды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы Жарлығымен Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілді. Қазіргі уақытта Шымкент төрт әкімшілік ауданға – Абай, Әл-Фараби,Еңбекші, Қаратау аудандарына бөлінген.

Шымкент қаласы әкімінің аппараты қала әкімінің қызметін басқаруды және бақылауды, оны ұйымдық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.