Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесі (бұдан әрі – Бағалау жүйесі) Президенттің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен қолданысқа енгізілді. Жарлықтың толық мәтіні осында (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U100000954_).

Бағалау жүйесі мемлекеттік орган жұмысының тиімділігін және оған әсер ететін факторлар туралы мәліметтерді тұрақты жинауға және талдауға бағытталған іс-шаралар кешенін қамтиды. Мемлекеттік органдар бағалау нәтижелеріне сәйкес өз қызметін жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметінің тиімділігін бағалау мыналарды қамтиды:

  • мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін операциялық бағалау;
  • мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігін бағалау.

Қызмет тиімділігіне операциялық бағалаудан орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары үш өзекті блок бойынша өтеді (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U100000954_):

  1. мақсаттарға қол жеткізу;
  2. мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы;
  3. мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы.

Бағалауды жалпы үйлестіретін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімі, ал бағалауды тікелей мына уәкілетті органдар жүзеге асырады: Премьер-Министрдің Кеңсесi, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қаржы министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.

Бағалау жүйесін әдіснамалық сүйемелдеуді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы жүргізеді. Бағалау блоктары бойынша әдістемелермен толығырақ мына жерден танысуға болады (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020072, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022599,  https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000019950).

2016 жылғы бағалау нәтижелері туралы толық бейнеролик:

https://www.youtube.com/watch?v=4k-vx0EhBOA

2017 жылғы бағалау нәтижелері туралы толық бейнеролик:

https://www.youtube.com/watch?v=TdVHCIv-5Og