Агенттік туралы

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік орган болып табылады.